Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
08-02-2018 13:40
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің  аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптама кеңесінің жұмысы басталды.

2018 жылдың 8 ақпанында облыстық сараптама кеңесінің отырыстарында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді.

Сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.