ММИ технология және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ОӘБ отырысы
13-02-2018 17:03
ММИ технология және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ОӘБ отырысы

2018 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп – интернаттардың технология және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім-Инновация лицейі мектеп-интернаттардың технология және көркем еңбек пәнінінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар «Көркем еңбек» сабағының жаңартылған білім беру мазмұнының критериалды бағалау жүйесі, авторлық бағдарлама құрастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.