Қарағанды қаласының жалпы білім беретін №58 орта мектебінде кадеттердің ту тапсыру салтанатты рәсімі
13-02-2015 12:17

Эксперименталды бағдарлама аясында жаңа қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуын мерекелеу қарсаңында  және Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай №58 жалпы білім беретін орта мектебінде ту тапсыру  салтанатты рәсімі өтті. Осы іс-шараға ОӘО әдіскері Адыханова А.С. қатысты.

Кадеттерге ту тапсыру рәсімі Жарғының барлық ережесіне сәйкес салтанатты түрде өткізілді. Суворов училищесінің тәрбиеленушілері әскери оркестрдің үнімен, барлық ережеге сай жабдықталған қылыштары және ленталарымен келіп  мектептің жас кадеттеріне ту тапсыруын жүзеге асырды.