«PISA – 2018-ге» дайындық
ҚО ББД ОӘО базасында 2018 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысының колледждері мен мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында «PISA – 2018» халықаралық зерттеуінің шеңберінде оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ – мұғалімдердің функционалдық оқу сауаттылығын жетілдіру және халықаралық зерттеуге дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болды.
Семинар қатысушылары практикум барысында функционалдық оқу сауаттылық мәтіндерді іріктеу ережелерін және тапсырмаларын талдады.
Семинарға мектеп және колледждерден 47 қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері қатысты.