Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Теміржол интеллектуалдары» байқауы өткізілді
28-02-2018 17:53
Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Теміржол интеллектуалдары»  байқауы өткізілді

  2018 жылдың 28ақпанында Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінде  «Теміржол көлігі»бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында  Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Теміржол интеллектуалдары»  байқауы өткізілді. Байқауға Қарағанды және Жезқазған қалаларынан топтар қатысты.

  Байқаудың 4 бөлімінде студенттер өздерінің теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары деңгейлерін, топта жұмыс істей алу және шығармашылық қабілеттерін,  мақсатқа жетудегі креативті бағыттарын көрсетті.

      Байқауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері - жұмыс берушілер төрелік етті.

Байқау қорытындысында жүлделі орындар келесі ретпен бөлінді:

1 орын - Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі;

2 орын - Қарағанды транспортты – технологиялық колледжі және Жезказған Бизнеса және  транспортколледжі;

 3 орын - Қарағанды теміржол колледжі жәнеЖезказған политехникалық колледжі.