«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында VI онлайн ғылыми-практикалық конференциясы
06-03-2018 09:31
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында VI онлайн ғылыми-практикалық конференциясы

  2018 жылдың 5 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында VI онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

  Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін құттықтау сөзімен конференцияны білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Кожахметова Гульсум Шабдановна ашты.

  Конференция барысында Қарағанды облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы өзекті мәселелер қаралды.Барлық оқылған жұмыстар өзінің өзектілігімен, қызықтырушылығымен ерекшеленді.

 Сатпаев қаласының «Құлыншақ» бөбекжайы, балабақша даму стратегиясындағы сұрақтар мен проблемалық сұрақтар шешімі; Теміртау қаласының «Жұлдыз» бөбекжайының «Балабақшада лего- құрастырылымдарымен оқып, ойнаймыз»; Үштөбе кентінің Бұқаржырау ауданының «Баланы ерте жастан дамытуда жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы»; Шахтинск қаласының «Ерестер тобындағы баларға оқу сауаттылығы тәжірибелік диагностикалық материалдары»; Ким В.С «Жаңа шешілімдер» баспасының бас директоры  Алматы қаласынан «Мектепке дейін білім берудегі жаңа технологиялар»; Қарағанды облысы білім беру басқармасының ТҒК кеңестік жетекшісі Кщнтаев С.С «Мектеп жасына дейінгі жаста дамудың педагогикалық шарттары». жайлы сұрақтар талқыланды.

 Пленарлық отырыс іскерлік, кәсіби деңгейде өткендігін атап өтуге болады.

 Конференция жұмысына 1000-ден астам мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысты.

  Педагогтар конференция жұмысының жоғары деңгейде өткендігін, бұл жұмыстардың қажет және өзекті екендігі айтылды.Облысымыздың мектепке дейінгі ұйым педагогтары конференция жұмысына қатыса отырып, белгілі жұмыс тәжірибесін ала алды.