Нашақорлықтың алдын алу бойынша интерактивті сабақ
13-03-2018 17:55
Нашақорлықтың алдын алу бойынша интерактивті сабақ

  2018 жылғы 13 наурызда  Қарағанды облысы білім басқармасының бастамасымен Қарағанды облысы ішкі істер Департаменті нашақорлықпен күрес басқармасымен бірлесе  отырып  кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері  үшін нашақорлықтың алдын алу, жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау  бойынша«Денсаулық Территориясы шекарасыз!» атты интерактивті сабақ өткізілді.

  Сабаққа ҚО ІІД нашақорлықпен күрес  басқармасының   бөлім басшысы, полиция подполковнигі Бузук Александр Владимирович; ҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды  полиция бөлімінің басшысы, полиция майорыҚұттыбаев Рустем Сергеевич;  облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер-наркологі Бейсекеева Асель Бериковна  қатысты.