Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілік арттыру курсы
2018 жылдың 26 наурызынан Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт кафедрасы» базасында, «Білім беру ұйымдарын реформалау жағдайларында дене шынықтыру және спортты оқытудың заманауи мәселелері» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған 12 күндік біліктілік арттыру курсы басталды.
Біліктілік арттыру курсына Қарағанды облысы білім беру ұйымдарынан барлығы 40 дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысып отыр.