Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында «Физика пәнінен олимпиада есептерін шешу және компьютерлік модельдеуді қолдана отырып практикалық жұмыстарды орындаудың әдістері мен жолдары» тақырыбында проблемалық семинар өткізілді. Семинар жұмысында №1 "Білім инновация" лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі, олимпиадалық резерв тренері Ахын Жагсалаг, Жезқазған қаласы №8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Жанул Асан Мухамбетрахымулы, Қарағанды қаласы №3 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дауылбаева Сая Тлеугабыловна іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облыс бойынша 65 мұғалім қатысты. Іс-шара халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешудің тиімді әдіс тәсілдері мен компьютерлік модельдеуді практикалық жұмысты орындау барысында қолданудың мүмкіншіліктері бойынша педагогикалық шеберліктерін жетілдірді.
Тыңдаушылар семинардың жоғары деңгейде сапалы, практикаға бағытталып өткізілгендігі үшін алғыс білдірді.