Жұмысшы мамандықтарына арналған аймақтық «Worldskills Karaganda – 2015» конкурсы 19 ақпанда Қарағанды агротехникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша өз жұмысын бастады.
Жұмысшы мамандықтарына арналған аймақтық «Worldskills Karaganda – 2015» конкурсы 19 ақпанда Қарағанды агротехникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша өз жұмысын бастады.
Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 12 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, 2 сағаттың ішінде 4 металл біріктірмесін жасап шығу керек болатын.
Конкурс қорытындысы бойынша 12 үміткердің үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар: Соснов Валерий (Қарағанды агротехникалық колледжі), Сатыпалдиев Нұрлан (Теміртау техникалық колледжі), Қантаев Темірлан (Қарағанды тау-кен-индустириалдық колледжі).