Размер шрифта:
«Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
10-04-2018 15:40
«Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
  2018 жылдың 10 сәуірінде  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің  жұмыс жоспары бойынша, «Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында  «Заманауи кітапхана:өзекті мәселелері, даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өтті. ОӘБ отырысына 33 колледжден 34 кітапханашы және  Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдер қарым-қатынасы мен жаппай жұмыс бөлімінің басшысы Шмойлова  Н.Ф.  қатысты.
 
 Барлығы конференцияға 8 баяндама ұсынылды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Сонымен қатар екі қатысушыға үздік баяндамалары үшін алғыс хаттар табысталды. Олар: Егіндібұлақ агротехникалық колледжінің кітапханашысы Молдакашева А.К.  («Казіргі колледж кітапханаларындағы кітапхана жұмысын заманауй ұйымдастыру») және  Шахтинск технологиялық колледжінің кітапхана меңгерушісі Салимова О.В. («Библиотека-среда творческого и интелектуального развития молодежи»).