«Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары бойынша, «Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында «Заманауи кітапхана:өзекті мәселелері, даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өтті. ОӘБ отырысына 33 колледжден 34 кітапханашы және Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдер қарым-қатынасы мен жаппай жұмыс бөлімінің басшысы Шмойлова Н.Ф. қатысты.
Барлығы конференцияға 8 баяндама ұсынылды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Сонымен қатар екі қатысушыға үздік баяндамалары үшін алғыс хаттар табысталды. Олар: Егіндібұлақ агротехникалық колледжінің кітапханашысы Молдакашева А.К. («Казіргі колледж кітапханаларындағы кітапхана жұмысын заманауй ұйымдастыру») және Шахтинск технологиялық колледжінің кітапхана меңгерушісі Салимова О.В. («Библиотека-среда творческого и интелектуального развития молодежи»).