2018 жылдың 12 наурызымен12 сәуіріаралығында Қарағанды облысының арнайы (түзету) білім беру ұйымдары мен балалар үйлері арасында «Үздік әдістемелік бірлестік – 2018» облыстық байқауының І іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 15 әдістемелік бірлестік қатысты.
Байқаудың финалдық кезеңі 2018 жылдың 15-16 мамырында өтеді.
Қазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша:
Байкаудың ІІ кезеңіне катысуға келесі әдістемелік бірлестіктер шақырылады:
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдары:
1. «Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ, мұғалім-дефектологтардың әдістемелік бірлестігі.
2. «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.
3. «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №5 арнайы мектеп-интернаты» КММ, түзете-дамыта оқытудың мектептік әдістемелік қызметі.
4. «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ, мемлекеттік тілде оқытатын пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.
5. «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ, әлеуметтік бейімдеу және еңбеқпен оңалту мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.
Балалар үйлері:
1. «Теміртау қаласы балалар үйі» КММ, тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі.
2. «Әсем» балалар үйі КММ, тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі.
3. «Таңшолпан» балалар үйі КММ, тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі.
4. «Балқаш қаласы балалар үйі» КММ, тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі.
5. «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған облыстық балалар үйі» КММ, «Поиск» әдістемелік бірлестігі.
6. «Құлыншақ» балалар үйі КММ, дефектолог және мамандар әдістемелік бірлестігі.