2015 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Қарағанды қаласының №92 гимназиясында «12 жылдық эксперименттік сынып оқушыларын ҰБТ-ға жүйелі дайындау ҰБТ-ның жоғары нәтижелі болуының шарты ретінде» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Облыстық семинарға Қарағанды қаласының №27 ЖББОМ 12 жылдық эксперименттік сыныптарында жұмыс жасайтын және Абай қаласының №14 мектеп лицейінің мұғалімдері қатысты. Барлығы -12 мұғалім. №92 гимназияның мұғалімдері: Әбділдә.Е.К. - математика пәнінің мұғалімі, Г.Б. Ботагарина – физика пәнінің мұғалімі, А.А. Тусипханов – тарих пәнінің мұғалімі ҰБТ- ға дайындық жұмысының тәжірибелік түрлері мен әдістері арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Түлектер өздеріне қиындық тудыратын ҰБТ тестілерінің сұрақтарын қарастырды. Түзету бойынша нұсқаулар, қатемен жұмыс және талдау енгізілген сабақтарда мұғалімдерге жоғары талап қойылды. Облыстық семинар қатысушылар тарапынан жақсы деп бағаланды.
Қарағанды қаласының №92 гимназиясында «12 жылдық эксперименттік сынып оқушыларын ҰБТ-ға жүйелі дайындау ҰБТ-ның жоғары нәтижелі болуының шарты ретінде» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.