«Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы
26-04-2018 16:48
«Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы
 2018 жылдың 26 сәуірінде  «Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ-де    «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қарағанды облысының 7 колледжінен арнайы құқықтық пәндер оқытушылары мен «Құқық негіздері» пәнінің оқытушылары қатысты. 
 Отырыс барысында «Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Альмухаметова А.Г. 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандар даярлауда дуалды оқытуды пайдалану халықаралық тәжірибесімен бөлісті. 
Сонымен қатар, осы аталған колледждің арнайы құқықтық пәндер оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті: Макеева Ю.В. «Қылмыстық құқық» пәні сабақтарын жүргізу бойынша, Ефименко О.В. «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерді дайындауда «Студент портфолиосы» технологиясын қолдану бойынша.
 «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Конакбаева А.Д. құзыреттілік тәсіл тұрғысынан сабақ талдауды көрсетті. 
Отырыс қорытындысында оқу-тәрбие үрдісінде практикалық-бағдарланған технологияларды, «Портфолио» технологиясын,  құзыреттілік тәсіл тұрғысынан сабақ талдауды қолдану ұсынылды.