Жезқазған аймағының педагогикалық еңбек ардагерлерінің «Үзілмес ұрпақ сабақтастығы» кездесуі
27-04-2018 23:49
Жезқазған аймағының педагогикалық  еңбек ардагерлерінің   «Үзілмес ұрпақ сабақтастығы» кездесуі

  2018 жылдың 27 сәуірінде Жезқазған аймағының педагогикалық еңбек ардагерлерінің кездесуі өтті. Кездесудің ерекшелігі, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі мол педагогикалық еңбек ардагерлерін білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасымен жүйелі таныстыру, білім беру саласындағы жаңашылдықтар, алда тұрған өзекті мәселелер мен атқарылар істер жайында ой бөлісіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру, аға буынның қажырлы еңбегін жастарға үлгі ету.

 Кездесуде Хасенов Рашит Шайзаратұлы атындағы Қарағанды облысының білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мұражайында көрме ұйымдастырылды.

  Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Е.Н. Иманғалиев Л. Бәйішеваның естелік стендін салтанатты түрде ашты. Ашылу сәтінде сөйлеген сөзінде басқарма басшысы қазақ тілі мұғалімінің педагогикалық еңбегінің 60 жылында Қарағанды облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.

 Қарағанды облысының қоғамдық кеңесінің төрағасы М.К. Жошина педагогикалық еңбек ардагерлерінің жастарды тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбектері, қоғамдық өмірге тарту жұмыстары туралы баяндады.

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Б.Х. Абдикерова Қарағанды облысының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде және НЗМ ДББҰ тәжірибесін таратудағы жүйелі істер мен нақты қадамдар туралы мәлімдеді.

 Кездесу барысында Жезқазған аймағының педагогикалық еңбек ардагерлері Қарағанды қаласының НЗМ мектебіне барды, сабақтарға қатысты, мектеппен жүргізілетін тәрбие жұмыстарымен танысты.

 Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өткізілетін кездесулер тағдыр және тарих ортақтығы сезімін, бір-біріне деген қамқорлық және сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға бағытталған бірыңғай ұлтты қалыптастыру үшін жаңа алаң болатынына сенімдіміз!