«Қарағанды облысында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту»
2015 жылдың 23,24,25 ақпанындаҚарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы стажер алаңдарының бұдан арғы жұмыстарын ұйымдастыру және инклюзивті білім беру саласындағы педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер үшін оқыту курстарын өткізуді жалғастыруда.
Курс бағдарламасы келесі модульдерден тұрады:
1. «Адекваттық білім беру жағдайларын жасау жолы арқылы білім беру ортасының бейімделуі»
- Стажер алаңдарының оқу бөлімдері басшылары мен инклюзивті және арнайы сынып мұғалімдері үшін.
2. «ОБШ бар балалардың білім алуының ұйымдастырулы-педагогикалық жағдайларын жасауда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің рөлі»
- Жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтары, логопедтері дефектологтары үшін.
Сабақты өткізу түрі: практикалық бағытталған семинар-тренинг, шағын топпен жұмыс.
Оқытудың әдістері, стратегиялары, амалдары:Swot – aнaлиз; кластер; кері байланыс дәрісі; «қосу-алу-қызықты» амалы; ой-талқы; жоба әдісі; презентация; жеке және топтық талдау.