Арнайы пəндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық əдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы
05-05-2018 12:02
Арнайы пəндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық əдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы
  5 мамырда  Жезқазған политехникалық колледжінде "Автомобиль көлігі" бағыты бойынша  арнайы пəндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық əдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Отырысқа облыстың 9 колледжінен 15 педагог,  ПЛАТ "Вираж" ЖШС директоры Бекетаев М.Б. жəне оқу-тəрбие ісі жөніндегі проректор  Сарсенбаев Д.Ж. қатысты.
  Бағдарлама барысында  Жезқазған политехникалық колледжінің арнайы пəндер оқытушысы Кожахметов Дархан Куансеитовичтің оқу тəжірибесі бойынша өткізген ашық сабағына əдіскерлер мен əріптестері жоғарғы баға берді.    
 Отырыс шеңберінде "Актуальные проблемы взаимосвязи образовательной и производственной сфер по подготовке специалистов" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Талқылау барысында  ұсыныстар беріліп,  серіктестіктің одан əрі дамуының жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, келесі оқу жылындағы облыстық əдістемелік бірлестіктің жұмысының шаралары мен түрлері талқыланды.