«Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында «Математикалық сауаттылық – ойлы адамзаттың қажетін қанағаттандыру»
11-05-2018 09:16
«Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында «Математикалық сауаттылық – ойлы адамзаттың қажетін қанағаттандыру»

 

  «Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында «Математикалық сауаттылық – ойлы адамзаттың қажетін қанағаттандыру» тақырыбында 2018 жылдың 4 мамырында  Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығы және Абай аудандық білім бөлімімен бірігіп ұйымдастырылған Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы базасында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: бастауыш сыныпта пәнаралық ықпалдастықты қолдана отырып, функционалды сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруды көрсету.

  Облыстық деңгейдегі іс-шараны  Абай аудандық білім бөлімінің ӘК меңгерушісі С.Ө.Балтабаева ашып,  барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Облыстық семинардың жоспары бойынша 5 бөлімнен тұратын сабақтар, сыныптан тыс шаралар, ата-аналар жұмысы, шығармашылық жұмыс өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.

  Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының және Топар ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбына 1 сыныпқа, «Аралға саяхат» 3 сыныпқа, «Хайуанаттар бағы» 2 сыныпқа, «Математика және экология» 2 сыныпқа ашық сабақтар өткізсе, 1-4 сыныптарға «В форт Боярд – за знаниями!», «Математика – таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемі» тақырыптарында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.

 Сонымен қатар, шеберлік сабақ арқылы қатысушалармен тәжірибелерімен бірлескен іс-әрекеттер ұйымдастырылды. «Мен және менің айналам», «Математика және отбасы» тақырыптарында ата-аналарға тренингтер, «Есті бала – есебінен жаңылмас» тақырыбында 6 сыныптар арасында математикалық ойын болды.

 Семинарлар қатысушылармен «Любовь к математике – условия успешного обучения» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Қатысып отырған ұстаздар белсенділік танытты.

 Серіктес мектептердің оқушылары дайындаған «Білімнің шыңы» тақырыбында екі тілде 3-4 сынып оқушылары жоба аясындағы көрме жұмыстарын таныстырып, әдістемелік өнімдерін ұсынды.

 Семинар «Қасиетті сиқырлы сандар» атты математикалық кешпен аяқталды.

  Семинарға білім бөлімінің әдіскерлері, Қарағанды, Саран, Приозерск, Шахтинск қалаларынан, Ұлытау, Қарқаралы, Бұқар Жырау аудандарынан жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.