Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің «Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» тақырыптар бойынша курстық оқытуы
2018 жылдың 14-і мен 25 мамыр аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін халықаралық талаптарға сай арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде бірінші кезеңде 105 тыңдаушыны қамтыған курстық оқыту келесі тақырыптар бойынша басталды:«Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі»;
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу»;
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері»;
«Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру»;
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары».