Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің «Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» тақырыптар бойынша курстық оқытуы
14-05-2018 14:10
Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің «Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» тақырыптар бойынша курстық оқытуы
  2018 жылдың 14-і мен 25 мамыр аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ  және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  техникалық кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін халықаралық талаптарға сай арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде   бірінші кезеңде 105 тыңдаушыны  қамтыған курстық оқыту келесі тақырыптар бойынша басталды:«Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі»;
 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу»;
 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері»;
 «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру»;
 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары».