«Бір аймақ – бір кітап» облыстық акция қорытындысы
18-05-2018 09:30
«Бір аймақ – бір кітап» облыстық акция қорытындысы

 2018 жылдың 18 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы оқу жылындағы «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы аясында жүргізген іс-шараларын қорытындылау мақсатында «Байқаулар алаңы» конкурстарын өткізді.

 Шара мақсаты: жалпы қоғамның, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту.

 «Байқаулар алаңы» барысында акция есебі көрме, байқау, сайыс ұйымдастырылды. Қорытынды іс-шараға облысымыздың қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттарының оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері, білім беру мекемелерінің педагогтері, барлығы – 45 адам қатысты.