"Туризм" бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
21-05-2018 09:17
 2018 жылдың 21 мамырында  «Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ-де "Туризм" бағыты бойынша оқытушылардың оюлыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.  Отырысқа Қарағанды облысының 3 колледжінен 8 оқытушы қатысты.  
  «Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ оқытушысы Алимбекова М.М. «Жарнама және туризмдегі олардың түрлері» тақырыбында; «Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ  жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Манкеева Д.С. «Экскурсиятану» пәні бойынша оқу тәжірибесінде сабақ өткізудің әдісі» тақырыбында;  «М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі»КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Сыздыкбаев Е.С. «Туризм» мамандығы бойынша үштілділікті енгізу және оқыту» тақырыбында баяндамалар оқыды.