Орыс тілі жəне əдебиеті пəні оқытушыларының облыстық əдістемелік бірлестігінің (ОƏБ) қорытынды отырысы
23-05-2018 10:26
Орыс тілі жəне əдебиеті пəні оқытушыларының облыстық əдістемелік бірлестігінің (ОƏБ) қорытынды отырысы
2018 жылдың 23 мамырында "Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі" КММ-де орыс тілі жəне əдебиеті пəні оқытушыларының облыстық əдістемелік бірлестігінің (ОƏБ) қорытынды отырысы өтті. Отырысқа 17 оқытушы қатысты. 
Отырыстың алдында колледж ішінен ашылған Майқұдық тарихының мұражайы көрсетілді.
Одан кейін жоспар бойынша "Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі" КММ оқытушысы Мутафян Вера Ивановна өз тəжірибесімен бөлісіп, пəн бойынша сабақтан тыс шараны ұйымдастыру кезіндегі педагогикалық тəжірибені талдауды беру туралы шағармашылық есебін ұсынуы барысында "У войны не женское лицо..." атты фильм-қойылым көрсетті. Фильм-қойылымға оқытушымен қоса 2 курс студенттері қатысты. 
Отырыстың екінші бөлімінде ОƏБ жетекшісі Легкоконец Е.В.  2017-2018 оқу жылындағы облыстық əдістемелік бірлестік жұмысының есебін берді, оқытушылармен сауалнама өткізді. Отырыс соңында ОƏБ жұмысының келесі оқу жылына арналған жоспарының нұсқасы қарастырылып, отырыстың қорытындылары жасалды.