Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы», ҚР Футбол Қауымдастығы, Қарағанды облысы Білім басқармасы, «Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы», Қарағанды облысының «Шахтер» Футбол клубы» бірлесе 2018 жылдың 23 мамыр күні Қарағанды қаласының №81жалпы білім беретін мектеп базасында «Дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» кіріктірудің ерекшеліктері» атты республикалық тәжірибелік семинар мақсатында өткізді. Жобаға енген 30 жалпы орта білім беру мектетерінің дене шынықтыру пән мұғалімдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері семинарға қатысты. Семинарда Қарағанды қаласының «№81 ЖББОМ», «№48 ЖББОМ», Саран қаласының «№17 ЖББОМ», Абай ауданының «Құрма ЖББМ» мектептері ашық сабақ көрсетіп, футбол сабағын кіріктірудің ерекшеліктері жайлы баяндамаларын оқыды. Семинар салтанатты ішарамен басталып, ашық сабақтармен жалғасын тапты. Ашық сабақтар бойынша рефлексия жасалып, мектептерге жобаны енгізудің ерекшеліктері сөз қозғалды. Семинар соңында жалпы орта білім беру мекемелерінің дене шынықтыру сабағының әр үшінші сағатында футболмен шұғылдану үшін
1-4 сынып оқушыларына «Футбол сабағын» оқыту тиімділігі айқындалды.
«Дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» кіріктірудің ерекшеліктері» атты республикалық тәжірибелік семинары