Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларына арналған «Колледждің білім беру үрдісіндегі әлеуметтік жобалар» тақырыбындағы оқыту семинарының бірінші кезеңі
23-05-2018 16:25
Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларына арналған «Колледждің білім беру үрдісіндегі әлеуметтік жобалар» тақырыбындағы оқыту семинарының бірінші кезеңі
2018 жылдың 21-23 мамыр күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларына арналған «Колледждің білім беру үрдісіндегі әлеуметтік жобалар» тақырыбындағы оқыту семинарының бірінші кезеңі өтті.  Оқыту тренинг түрінде өткізілді, бұл «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыра отырып, оқытушылардың жобалау әдісімен жұмыс істеу қабілеттерін игерулеріне жол ашты. 
2018 жылдың 24 мамырында «Тиімді кәсіби бағдар. Мамандық таңдаудағы сауатты тәсіл» тақырыбындағы тренингтің екінші кезеңі өткізілді. Тренингті ресейлік тәжірибеші психолог, кәсіби бағдар берудегі жетекші маман өткізді.  Екінші кезеңге облыстың тәжірибелі және алдыңғы қатарлы педагог-психологтары қатысты.