2015 жылдың 27-ақпан күні С.Ерубаев атындағы ЖББ №57 орта мектеп қабырғасында «Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу шараларын жандандыру» тақырыбындағы семинар Қарағанды қаласының орта білім беру ұйымдары педагогтары үшін өткізілді. Қатысушылар 121 адам: білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие ісінің орынбасарлары, тарих және дінтану пәндерінің оқытушылары, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтер.
Қарағанды облысы дін істері басқармасы «Қарағанды облысында конфессиоаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы», Ақпараттық-насихат жұмыс бөлімнің инспекторлары Руслан Айдарұлы Саматаев, Тукенов Аслан Жақанұлы семинар тақырыбы бойынша баяндама жасап, тыңдаушылар назарына видеофильм ұсынылды.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ҚББжҰТИД бөлімі меңгерушісі Г.С. Көпбаева, әдіскерлер Ж.Д. Нұржан, И.В. Павлова семинардың тәжірибелік бөлімінде жұмыс жасап, барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.