«Ұлы дала мұрагерлері» атты республикалық форумы
03-06-2018 15:32

  2018 жылдың 3-4 маусым күндері Жезқазған қаласында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына орай «Ұлы дала мұрагерлері» атты республикалық форумы өтеді. Форумға Атырау, Талдықорған, Қарағанды ​​қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептері, Жезқазған, Сәтпаев Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының төрт мыңнан астам оқушылары мен мыңдаған мұғалімдері, педагогикалық қызмет ардагерлері мен ата-аналар қатысады. Форум бағдарламасы келесі негізгі жоба бағыттарын ұсынады:

  •  «Флеш-моб» жобасы;
  • «Bookсrossing» жобасы;
  •  «Эко-велопробег» жобасы;
  • «Тed-х» жобасы;
  • «Қоғамға қызмет етемін» жобасы;
  • «100 күйдің тарихы» жобасы;
  • «Қазақтың 100 әні» жобасы;
  •  «100 кітап» жобасы;
  • «Туған елге тағзым» жобасы;
  • «Шеберлер қаласы» жобасы;
  • «Әлеуметтік практикалар» жобасы - «2 апта ауылда», «10 күн ата-ана жұмысында».

Форумға облыстың мұғалімдері, педагогикалық қызмет ардагерлері, ата-аналармен оқушылар шақырылады.