Cтуденттік форум-театрдың Бірінші облыстық Форумы
29-05-2018 10:06
Cтуденттік форум-театрдың  Бірінші облыстық Форумы
2018 жылдың 29 мамырында  «Адамгершілік рухани білім өзін-өзі тануды білім беру үрдісіне енгізу»  бағдарламасын жүзеге асыру  шеңберінде студенттік форум-театрдың  Бірінші облыстық Форумы өтті. Шараға 19 колледжден  120 студент қатысты.  Форумды Қарағанды гуманитарлық колледжінің "Біз жəне бізді қоршаған əлем" форум-театрымен бірлесіп Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-əдістемелік орталығы ұйымдастырды. Диалогтық алаңдарды өткізу жөніндегі есептерді келесі бес колледж ұсынды: 
Қарағанды көлік-технологиялық колледжі, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі,   Қарағанды  технология жəне сервис колледжі, Қарағанды теміржол  колледжі, Қарағанды гуманитарлық колледжі. Интерактивте бірінші рет қатысқан студенттер форум-театр жұмысының əдісімен танысып қана қоймай,  сонымен қатар əдістерді өздері де қолданып көрді.