«Планета Steam» жинағының семинар-презентациясы
31-05-2018 17:00
«Планета Steam» жинағының семинар-презентациясы

 2018 жылдың 31 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Kazdidas» Ассоциациясымен бірлесе отырып «Планета Steam» жинағының семинар-презентациясын өткізді.

 Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск қалаларының, сонымен қатар Абай, Шет аудандарының мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларының директорлары, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.

 «Kazdidas» Ассоциациясының басшысы Сагитов С.Ю. осы жинақты 2 кіші топтан бастап мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қалай қолдану керектігін айтты.

 Семинар іскерлік, кәсіби түрде өткенін айтып өткен жөн.

 Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 20 педагог қатысты.