МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ
31-05-2018 17:02
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ

 2018 жылдың 30 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп- интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, химия, биология пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы болып өтті.

  Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», «Өркен», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім инновация лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 38 мұғалімдері қатысты. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • жалпы білім беру пәндерінің таңдау курстары бойынша типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы;
  • 2018-2019 оқу жылына арналған оқулықтардың тізімін бекіту бұйрықпен таныстыру;
  • ММИ мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларын талқылау (оқу жоспарының вариативті бөлімі бойынша);
  • үлгілік оқу жоспарының жобасын талқылау.