Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы
08-06-2018 17:44
Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы
2018 жылдың 1 маусымында  «Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК-де тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Оған 38 адам қатысты. 
Отырыста облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындылары жасалып, келер оқу жылына жоспар құрылды
Сонымен қатар, отырыс шеңберінде «Оқу жылының үздік әдістемелік әзірлемесі» сайысы өтті. Бұл сайыста 17 оқытушының сабаққа, сабақтан тыс шараларға жасалған әдістемелік құралдары, оқу-әдістемелік құралдары, үйірме бойынша мастер-класстары қарастырылды.  
Ұпайлардың жалпы есебі бойынша сайыс жеңімпаздары анықталды:
1 орын – Аукатаева Разия Рымбековна, «Қарағанды жоғарғы  политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Совершенствование методики создания проектов по краеведению» тақырыбындағы мастер-класстың үздік әдістемелік құралы;
2 орын - Коликова Ольга Юрьевна, «Теміртау  кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушысы, «Национально-освободительное движение казахского народа против Российского колониализма» оқу құралы; Жанкуатова Айгерим Бекайдаровна, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ оқытушысы, «Становление и укрепление Казахского ханства» сабағының әдістемелік құралы;
3 орын - Морозова Марина Владимировна, Фефелова Ирина Викторовна, «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ оқытушылары,  «Город солнечного камня» викторинасының әзірлемесі; Дарменова Сания Ануарбековна,  «Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Религиозная толерантность» тақырыбы бойынша сабақтың әдістемелік құралы; Сламбекова Гулим  Бегендиковна, «Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Святые места Карагандинской области» сабақтан тыс шараның әдістемелік құралы.
Жеңімпаздар 1, 2, 3 деңгейлі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
Оқытушылардың әдістемелік қорын толықтыру мақсатында аталған облыстық сайыстың материалдарының жинағы шығарылды.