«Менің Отаным - Қазақстан» туристік өлкетану экспедициялық жасақтарының Облыстық форумы
12-06-2018 14:07
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік өлкетану экспедициялық жасақтарының Облыстық форумы

   Білім басқармасымен, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен, «Сарыарқа Дарыны» РҒТО, Қарағанды облыстық туристік клубымен 2018 жылдың 07, 08, 09 маусым күндері Ақтоғай ауданының Ортадересін ауыл аймағының Бектауата шатқалында «Факел» қала сыртындағы балалардың маусымдық сауықтыру лагерінің базасында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік өлкетану экспедициялық жасақтарының Облыстық форумы өткізілді.

   Форумға 20 команда қатысты: 9 команда қалалық білім бөлімдерінен, 10 команда облыстың ауыл аймақтарынан және команда «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат» КММ. Команда құрамаларына бекітілген ережеге сәйкес, 7-8 сынып оқушылары кірді. Жалпы қамтылуы 300 адам, олардың ішінде: 65 педагог, 235 оқушы.

  Форум жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, номинациялар бойынша грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Команда жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

 Форум қорытындысы: I орын – Ақтоғай ауданының Шашубай ауылының «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы «ТМ» (РО)» командасы; II орын – Балқаш қаласының команда құрамы; III орын – Саран қаласының команда құрамы. 17 команда номинациялар бойынша жеңістері үшін марапатталды.

   Әр командаға «INTELLEKTUM» зияткерлік ойындар Кабинетін ашу үшін 1 000 000 теңгеге сертификат табысталды.