Қарағанды облысының білім мекемелерінің басшылар резервінің жылдық оқыту курсының IV кешені 2018 жылы маусым айының 13 жұлдызында жазғы мектеп аясында «Резервтегі кадрларды дайындау мектебінің» оқу курсы болып өтті. Курстың 4-кешен қорытынды оқытылуына 32 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тобында 19, орыс тобында 13 тыңдаушы қатысты.
4-кешен оқуы аясында тыңдаушылар төмендегі тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат алды.
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу туралы дәрістерін облыстық Дін істері басқармасы өкілдері оқыды.
Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігінің бұйрықтары, Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері, жобалары, педагогтерді жаңа форматта аттестаттауға байланысты сұрақтар қаралып, талқыланды.
Сондай-ақ, курс барысында қатысушылар іс-тәжірибе жұмыстарында мектептің даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2018-2019 оқу жылындағы іс-шаралар жоспарларын жасады. Курсты оқу барысындағы тақырыптар бойынша тест тапсырумен және «Қазіргі заман мұғалімі» тақырыбында эссе жазумен аяқтады.
Жылдық оқыту курсының тыңдаушыларына 84 сағат оқығандығы туралы сертификаттар табыс етілді.