«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және техникалық кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін халықаралық талаптарға сай арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде үшінші кезеңі 102 тыңдаушыны қамтыған курстық оқыту басталды:
1) 2018 жылдың 18-нен 29-шы маусымға дейін келесі тақырыптар бойынша:
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары» ( "Қарағанды технология және сервис колледжі"КММ базасында); «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру» ( "Қарағанды агротехникалық колледжі" КММ базасында);«Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпкерлік қызмет және қаржылық-құқықтық сауаттылықты дамыту»( "Қарағанды технология және сервис колледжі"КММ базасында); «CLIL (КЛИЛ) әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту».
("Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі" КМҚК базасында)
2) 2018 жылдың 18-нен 22-ші маусымға дейін келесі тақырып бойынша жоспарланып отыр:
«WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» ("Теміртау техникалық колледжі" КММ базасында).