Кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша курстық оқытуының III-шi кезеңі
18-06-2018 11:37
Кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру бойынша курстық оқытуының III-шi кезеңі

  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ  және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және техникалық кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін халықаралық талаптарға сай арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде  үшінші кезеңі 102 тыңдаушыны қамтыған курстық оқыту  басталды:

1) 2018 жылдың 18-нен 29-шы маусымға дейін  келесі тақырыптар бойынша:

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары» (  "Қарағанды технология және сервис колледжі"КММ базасында); «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру» ( "Қарағанды агротехникалық колледжі" КММ базасында);«Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпкерлік қызмет және қаржылық-құқықтық сауаттылықты дамыту»( "Қарағанды технология және сервис колледжі"КММ  базасында); «CLIL (КЛИЛ) әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту».

("Теміртау жоғарғы политехникалық колледжі" КМҚК базасында)

2) 2018 жылдың 18-нен 22-ші маусымға дейін  келесі тақырып бойынша жоспарланып отыр:

«WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» ("Теміртау техникалық колледжі" КММ базасында).