Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қорытынды семинар-жиналыс
22-06-2018 16:20
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қорытынды семинар-жиналыс

2018 жылдың 22 маусымында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында қорытынды семинар-жиналыс өтті. 

Семинар-жиналысқа 36 колледж орынбасарлары қатысты.

Жыл қорытындысын жасау барысында негізгі мәселелер сөз етіліп, келесі оқу жылына арналған облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі маңызды бағыттары анықталды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген шаралардың нәтижелігін және тиімділігін арттыру жолдарын талқылау үшін бағдарламаның жобалық офисінің менеджеры Г.С. Кудабердиева шақырылды.

Сонымен қатар, техникалық және кәчіптік білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісінің дамуының перспективаларын талқылауда ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығы директорының инновациялық оқыту түрлері мен электронды білім беру жөніндегі орынбасары Аринов Е.Р. шақырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлімінің әдіскерлері қатысушыларға тәрбие жұмысы бойынша шараларды жоспарлық-есептік жүргізуді автоматтандыру үшін жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету әдістерін көрсетті.