Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
26-07-2018 17:06
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің  аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптама кеңесінің жұмысы өткізіліп жатыр. 
    2018 жылдың 26 шілдесінде облыстық сараптама кеңесінің отырысында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді. 
 Сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.