Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қарағанды облысы. Өлкетану» 5-7-сыныптар оқулығының тұсаукесері
10-08-2018 17:01
 Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қарағанды облысы. Өлкетану» 5-7-сыныптар оқулығының тұсаукесері

2018 жылдың 10 тамызында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында «Қарағанды облысы. Өлкетану» 5-7-сыныптар оқулығының тұсаукесері болып өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Е.Н.Иманғалиев, оқулық авторлары, педагогтер мен ата-аналар қауымдастығы қатысты. Оқулық авторлары кітаптың мазмұнымен таныстырды. Оқулық сарапшылары мен ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті. Оқулық екі тілде әзірленген, «Алматыкітап» баспасынан жарық көреді.