Теміртау қаласының №17 ЖББОМ жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география) мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
10-03-2015 03:55
Теміртау қаласының №17 ЖББОМ жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география) мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.

     2015 жылдың 27 ақпанында  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Теміртау қаласының №17 ЖББОМ жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география) мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Облыстық семинарғаҚарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Шахтинск қалаларынан және Осакаровка, Абай аудандарынан 37 педагог қатысты. Теміртау қаласының мұғалімдері: №1 НМ химия пәнінің мұғалімі - Қайырбаева А.Н., БТКЛ химия пәнінің мұғалімі-Чубарева А.А.,БТКЛ физика пәнінің мұғалімі -Приходченко А.В., № 9 МЛ биология пәнінің мұғалімі - Болбаева П.А., № 17 ЖББОМ биология және физика пәндерінің мұғалімдері - Хонорбай А., Сүйіндікова Г.Е.,№20 МЛ география пәнінің мұғалімі - Гаюк Н.А., № 5 НМ география пәнінің мұғалімі -Шулембаева З.С. шеберлік сыныптар өткізді. Сонымен қатар №21 НМ физика пәнінің мұғалімі - Шаяхметова Г.А., №1 гимназияның химия пәнінің мұғалімі - Кулик И.Ю. және №20 МЛ мұғалімі -Жаппарова Г.А. «Сабақ үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді.