Төртінші өндірістік революция жағдайындағы адами капитал
23-08-2018 12:08
Төртінші өндірістік революция жағдайындағы адами капитал

Білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің шеңберінде 22-23 тамыз күндері пәндік секциялық отырыстар өтті.

Секция жұмысының барысында Bilim Media Group компаниясының әдістемелік бөлімінің әдіскері Ш. А. Сулейменова білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларындағы жаңа Bilimland ресурсы туралы айтып берді. София университетінің PhD докторы, медиатор, заңгер, Медициналық Құқықтың «WAML» Дүниежүзілік Ассоциациясының мүшесі Г. К. Нарбаева мұғалімнің медиативті біліктілігін дамытуға және жанжалға жеткізбей мәселеден шығу жолын табуға тоқтала кетті.

Сонымен қатар, педагогтермен 2018-2019 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хат талқыланды, тәжірибе алмасу бойынша шеберлік сыныптары, коучингтер өткізілді. Отырысқа Қарағанды облысынан барлығы 481 педагог қатысты.