«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын жобалау
22-08-2018 12:30
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын жобалау

2018 жылдың 22 тамызында «№ 92 гимназия» КММ базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын жобалау» облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.

Секциялық отырысың жұмысына Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлардың орынбасарлары, сондай-ақ информатика мұғалімдері қатысты.

Оқу-әдістемелік орталық басым бағыттармен және 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қазақ Инфокоммуникация Академиясының сарапшылары «IT-alem» желілік желі тренажоры негізінде «Желілік технологиялар негіздері» курсы бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік кешенін ұсынды және Өрлеу ИТО мамандары электронды мектептің жаңа мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.