Аға тәлімгерлердің секциялық отырысы
28-08-2018 11:44
Аға тәлімгерлердің секциялық отырысы

2018  жылдың  28 тамыз күні «COOD ZONE»  коворкинг орталығында аға тәлімгерлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие берудегі қазіргі заманауи тәсілдері» атты секциялық отырысы өтті.

Шараға Қарағанды облысының 18 аймағынан аға тәлімгерлер Қауымдастығының мүшелері қатысты.

Секциялық отырыс қатысушыларына экологиялық тәрбие бойынша шебер-сынып, жеке тұлғалық өсу бойынша тренинг, аға тәлімгерлерге арналған «Атамекен» ақпараттық-әдістемелік жинағының тұсаукесері болды.