тірек мектептердің директорларына, орынбасарларына және мұғалімдерге арналған кеңесі
07-09-2018 09:30
тірек мектептердің директорларына, орынбасарларына және мұғалімдерге арналған кеңесі

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2018 жылдың 07 қыркүйек күні шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында тірек мектептердің директорларына, орынбасарларына және мұғалімдерге арналған онлайн режимде кеңес өткізілді.

2018-2019 оқу жылына арналған даму стратегиясының орындалу барысы бойынша тірек мектептерінің магниттік мектептермен бірлесе атқарылатын сессия аралық жұмыстар және сессия кезіндегі жұмыстарын жоспарлау, тірек мектептері және шағын жинақты мектептердің мұғалімдерімен өткізілетін байқаулар туралы айтылып, кеңестің соңында «Zertis» компаниясының басшысы Тосқанбаев А.А. «Жаңа жасыл технологиялар зертханасы» атты жобасымен таныстырды.

Онлайн-кеңеске 57 ШЖМ мен тірек мектептері директорлары, орынбасарлары және мұғалімдері қатысты.