«Абай – дара, Абай – дана!»
2015 жылдың 12-16наурыз күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері А.С. Адыханова және Г.М. Мұратқызы Абай Құнанбаевтың 170-жылдығына арналған облыстық байқауды өткізу аясында Саран, Шахтинск, Қарағанды, Теміртау қалалары және Абай ауданының білім беру ұйымдары өткізген тақырыптық сынып сағаттарына қатысты.
Аймақтық турдың жеңімпаздары 2015 жылдың 27-наурызында өтетін қорытынды турда өз ауданының атынан өнер көрсететін болады.