МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ
14-09-2018 09:07
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ

2018 жылдың 13  қыркүйек күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп- интернаттардың шет тілдері, тарих, география, математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», «Өркен», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1, №2 және №3  Білім инновация лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 67 мұғалімдері қатысты. Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • жалпы білім беру пәндерінің таңдау курстары бойынша типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы;
  • 2018-2019 оқу жылына арналған оқулықтардың тізімін бекіту бұйрықпен таныстыру;
  • ММИ мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларын талқылау (оқу жоспарының вариативті бөлімі бойынша);
  • үлгілік оқу жоспарының талқылау.