Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
17-09-2018 09:47
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2018 жылдың 17  қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп- интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

Отырыс бағдарламасында:

  • Жалпы білім беру ұйымдарындағы жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары туралы.
  • 2018-2019 оқу жылындағы оқулықтардың тізімі туралы;
  • ММИ мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларын құрастыру туралы мәселелер қаралды.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы ММИ, №2 Білім инновация лицейі, ІТ – лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттарының 15 мұғалімі қатысты.