Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
![Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы](/media/img/blogs/5ba1c6760c78c.jpg)
2018 жылдың 17 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп- интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
Отырыс бағдарламасында:
- Жалпы білім беру ұйымдарындағы жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары туралы.
- 2018-2019 оқу жылындағы оқулықтардың тізімі туралы;
- ММИ мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларын құрастыру туралы мәселелер қаралды.
Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы ММИ, №2 Білім инновация лицейі, ІТ – лицейі, музыкалық мамандандырылған мектеп-интернаттарының 15 мұғалімі қатысты.