Ағылшын тілін оқыту бойынша Edusoft/ ETS пилоттық жобасының презентациясы
19-09-2018 10:53
Ағылшын тілін оқыту бойынша Edusoft/ ETS пилоттық жобасының презентациясы

2018 жылдың 19 қыркүйегіндеҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында ағылшын тілін оқыту бойынша Edusoft/ ETSпилоттық жобасының презентациясы өтті. Жобаны Edusoft Ltd. коммерциялық директоры Лукьянец Р. таныстырды.

Презентацияға осы пилоттық жобаны қарастыру жөніндегі комиссияның құрамына кірген  «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК, «А.Кунанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, «Болашақ»  Қарағанды маңызды білім беру колледжі» ЖММ  ағылшын тілі оқытушылары қатысты.