Пәндік-кеңістік ортаны дамытатын жабдықтардың тізімін құру және зерделеу бойынша шығармашылық топтың отырысы
20-09-2018 17:38
Пәндік-кеңістік ортаны дамытатын жабдықтардың тізімін құру және зерделеу бойынша шығармашылық топтың отырысы

2018 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында «САТР орталығы» ЖШС-мен ұсынылған пәндік-кеңістік ортаны дамытатын жабдықтардың тізімін құру және зерделеу бойынша шығармашылық топтың отырысы өтті.

Балабақша әдіскерлерінен құралған шығармашылық топ жабдықтардың тізімін зерделей келе, жас ерекшелігі мен білім беру ұйымының типін (балабақша, мини орталық, мамандандырылған балабақшалар және түзету топтары) есепке ала отырып саралады.